Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі — Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Xnews Ақордаға сілтеме жасап.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі.

Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын.

Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда ...

Токаев поздравил казахстанцев с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас с 80-летием Великой Победы! Этот знаменательный юбилей каждый казахстанец празднует с особым чувством ...