Шымкентте коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды

Шымкентте қайтыс болған адамның бірнеше созылмалы ауруы болған. Осылайша, елімізде таралған қауіпті вирус жалпы 21 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына хабарлады.

«1968 жылғы науқас Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды. Ауруханаға түскен кезде, науқастың жағдайының ауыр болуына байланысты ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілгендігі айтылады. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді.

«Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды. Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды»,-деп хабарлады жедел штабтан.

Осыған дейін Шымкентте коронавирустан 1 адамның қайтыс болғандығы хабарланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүруде

Алты жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы ...

Экоакция «Чистое село» прошла в рамках «Таза Казахстан»

В рамках программы «Таза Қазақстан» прошла экоакция «Чистое село» в Ордабасинском районе. В мероприятии приняли участие акимы сел, представители интеллигенции, ...