Месячные архивы: Апрель 2020

Бір тәулікте коронавирустан 5 науқас көз жұмды

Қауіпті кесел тағы 5 адамның өмірін жалмады. Олардың екеуі – Алматы, біреуі – Шымкент қаласының тұрғындары. Нұр-Сұлтанда қайтыс болған тағы біреу Ресей азаматы екен. Ал бесіншісі Маңғыстау облысында әскери қызметкер болған. Сонымен ел аумағында қауіпті кеселден көз жұмғандар саны 25-ке жетіп отыр. Бүгін дерт жұқтырған тағы 50 шақты адам тіркеліп, жалпы індетке шалдыққандар 2 жарым мыңға жуықтады, деп хабарлайды Xnews ...

Читать далее »

Шымкентте қоғамдық көліктер электрондық төлем жүйесіне көшеді

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті, деп хабарлайды Xnews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді.  – Қаламыздағы қоғамдық көліктерге ...

Читать далее »

Шымкент: Еңбекші ауданында ірі сауда орындары толық залалсыздандырылды

Еңбекші ауданы аумағындағы «Фиркан», «Магнум», «Грамад» сынды ірі сауда орындары мен «Айна», «Көктем», «Исатай» базарларының аумағы толық залалсыздандырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк банкоматтарының іргелес жатқан аумақтарына да дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Оған №35748 әскери бөлімінің 100 сарбазы және 10 техника жұмылдырылды. Айта кетейік, Шымкент қаласында Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап залалсыздандыру ...

Читать далее »

Шымкентке Түркістандық шаруалар өнімдерін кедергісіз кіргізуде

Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлады. Тіпті  әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде. Өйткені қала әкімі М.Әйтенов төтенше жағдай кезінде халықтың қажеттелігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қаулы бекітіп, көрші аудандардан диқандардың қалаға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасады. Оған қоса  шаруаларға  қаладағы «Қазыбек» базарынан ...

Читать далее »

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Xnews Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. Бейнеконференция режимінде өткен отырыста коронавирус эпидемиясымен күрестің, экономиканы қалпына келтіру мен мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуының стратегиялық мәселелері қаралды. Елбасы жаһандық сын-қатер айналасындағы жағдай өте күрделі екенін жеткізді. «Коронавирус салдары әлемдік экономиканың өмірлік маңызды жүйелеріне ықпал етеді. Халықаралық валюта қорының сарапшылары бұл жағдайды Ұлы ...

Читать далее »

Алматыда коронавирустан көз жұмған науқастың бірі танымал дәрігер екені белгілі болды

Алматыда коронавирустық инфекциямен қайтыс болған науқастардың бірі — белгілі педиатр Гүлназым Нұрғалиева. Бұл туралы оның ұлы Тимур Қуандықов айтты. деп хабарлайды Xnews. Нұрғалиеваның күйеуі — хирург, ал тұңғыш ұлы — қалалық № 12 ауруханада травматолог болып жұмыс істейді. Отбасындағылардың айтуынша, 16 сәуірден бастап әкесі мен ұлы каратинде ем алып жатқан. «Анамның жүрегі шыдамады. Суық тиюден емдейтін сияқты ем қабылдады. Себебі ...

Читать далее »

Шымкенттіктер азық-түлікті делдалсыз арзан бағада ала алады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін  қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады Бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. ...

Читать далее »

Шымкентте қылмыс деңгейі 39 пайызға төмендеді

Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті, деп хабарлайды Xnews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Департамент басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда карантинге байланысты қалада 2000-нан астам адам тәулік бойы 3 ауысымда қызмет етуде. Оған 1206 полиция қызметкері, №35748 Әскери бөлімінің 196 сарбазы, ...

Читать далее »

Шымкентте коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды

Шымкентте қайтыс болған адамның бірнеше созылмалы ауруы болған. Осылайша, елімізде таралған қауіпті вирус жалпы 21 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына хабарлады. «1968 жылғы науқас Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды. Ауруханаға түскен кезде, науқастың жағдайының ауыр болуына байланысты ол жасанды тыныс ...

Читать далее »

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, жарқын жан Хамит Санбаев дүниеден озды

Музыканттың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар ансамбльдің Instagram-дағы ресми тобында жарияланды. Қайғыға баттық! Орны толмас қаза! Ол секілді жүрегі кең адам туралы: «Біздің көп нәрсеміз өзіңізбен бірге кетті! Сіздің көп нәрсеңіз бізбен қалды!» деп айтады. Біз Хамитты үнемі жадымызда ұстап, артынан дұға жасайтын боламыз, делінген хабарламада. Дос-Мұқасан — 1967 жылы Алматыда Қазақ политехникалық институтының студенттері құрған вокалды-аспаптық ансамбль. Ансамбльдің негізін қалаушылар және ...

Читать далее »

Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі — Президент. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Xnews Ақордаға сілтеме жасап. Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім ...

Читать далее »

Алматы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Надыровтан коронавирус анықталды. Басқарманы қайтадан Әбілдаев басқарады

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасында кадрлық ауыс-түйістер жоспарланған болатын. Ведомствоның қазіргі басшысы Тілеухан Әбілдаев өз еркімен отставкаға өтініш білдіргендіктен, оның орнына бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров тағайындалған еді. Алайда, соңғы жағдайларға байланысты Әбілдаев өз қызметін жалғастыратын болып шешілді, деп хабарлайды Xnews ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Facebook парақшасына сілтемемен. Министрдің мәліметінше, кеше Үкімет қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Денсаулық сақтау ...

Читать далее »

Шымкентте 63 медик қонақүйге орналастырылды

Шымкенттің жұқпалы аурулар ауруханасының 63 медициналық қызметкері қалалық қонақүйлердің біріне орналастырылды, деп хабарлайды Xnews қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. Қауiптi аурумен тікелей күресетiн жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері ауысымнан кейін үйлерiне қайта алмай отыр. Көпжылдық жұмыс кезеңінде олар алғаш рет тез таралатын аурумен күрестi, ал оның салдары өте ауыр. «Сондықтан біздің мамандарымызды қонақүйге орналастыру туралы шешім қабылданды. ...

Читать далее »

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін созу туралы жарлыққа қол қойды. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын», — делінген жарлықта.

Читать далее »

Биыл елімізде қасиетті Рамазан айы 24 сәуірден басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айында үйде болуға шақырды, деп хабарлайды Xnews. Мешіттерде, асханаларда және басқа да қоғамдық орындарда ауызашар беруді (ифтар) беруді тоқтата тұруға шақырамыз. Карантин кезінде қоғамдық орындарда, кафелерде және мейрамханаларда жиналуға болмайды, ауызашарды үйде отбасыңызбен бірге өткізуді ұсынамыз. Біз денсаулығымызды сақтауымыз керек. Мешітте жамағатпен Тарауық намазы оқылмайды. Оны үйде — ...

Читать далее »

Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірген. «Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіні ...

Читать далее »

Қазақ спортына өлшеусіз үлес қосқан Бекет Махмұтов өмірден өтті

Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан КСРО спорт шебері, Халықаралық бокс федерациясының (АІВА) бұрынғы вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының және Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтов 81 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев ауыр қазаға байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты. «Қазақстан спорты үлкен қазаға ұшырады. Белгілі қоғам қайраткері, спортшы әрі бапкер Бекет Сапабекұлы Махмұтов ...

Читать далее »

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқас туралы не белгілі?

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты мәліметтер шықты, — деп хабарлайды Xnews. Ведомство мәліметінше, 1962 жастағы ер адам қайтыс болған. Науқас 11 сәуірде Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. «Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен «Қарағанды-Новосбір» бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 58 жастағы ер адам инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық ...

Читать далее »

Ордабасыда Бейжің үйректері өсіріледі

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылдық округінің тұрғыны Бақберген Жұмабай құс өсірумен екі жылдан бері айналысып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау фермерге өз шаруашылығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерекше кәсіпті дамытуда жас кәсіпкерге алғашында әкесі идея ұсынып, ой салған. Алдымен ол Бейжің үйрегінің жүз балапанын сатып алып, соларды өсіруді қолға алды. Еңбегі көп ұзамай өз ...

Читать далее »

Шымкенттегі ауруханада 274 адам карантинде жатыр

Шымкенттің Денсаулық сақтау басқармасы 274 адам ауруханада карантинде жатқанын мәлімеді. «Тіркелген 14 науқаспен байланыста болған 327 адам анықталды, оның 177-сі жақын араласқан. Стациоарларда карантинде 274 адам, үй карантинінде 53 адам жатыр. Стационарда жатқандардың денсаулығы қанағаттанарлық», — деді Шымкенттің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбдіманап Түлебаев. Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге ...

Читать далее »