Дариға Назарбаеваға «Paigham-e Pakistan» 2020 Бейбітшілік сыйлығы табыс етілді

Исламды Зерттеу институты Кеңесінің атынан (Пәкістан, Исламабад) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваға «Paigham-e Pakistan» 2020 сыйлығы табыс етілді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сыйлық Қазақстан қоғамындағы ұлттық ынтымақты, тұтастық пен әлеуметтік әділдікті нығайтуға сіңірген еңбегі үшін Дариға Назарбаеваға беріліп отыр.

«Бұл марапат дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету ісіндегі және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізудегі күш-жігері мойындалуының белгісі болып беріледі», — делінген Исламды Зерттеу институты Кеңесінің хатында.

Paigham-e-Pakistan – зорлық-зомбылыққа, экстремизм мен лаңкестікке қарсы пәтуа. Оған исламның бүкіл мектептеріндегі 5000-нан астам ғалымдары қол қойып, қабылданған болатын.

© zakon.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Бизнеске өндірістерді жаңғыртуға жұмсалған шығындар өтелуде

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы өндірістерді жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерлету шығындарының бір бөлігін өтей ...

Определены сроки проведения итоговой аттестации школьников в Казахстане

Сроки начала и окончания 2024-2025 учебного года, а также порядок проведения итоговой аттестации утверждены приказом министра просвещения Республики Казахстан. Выпускные ...