16 наурыздан бастап мектеп оқушылар демалысқа шығады, ал студенттер онлайн-білім алуға көшеді (видео)

Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі.

«2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», — деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын жария етті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*