Месячные архивы: Март 2020

Елімізде коронавирус таралуы жайлы онлайн карта жасалды

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. «Құрметті достар! Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру — ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын. Бұл ресурста төтенше жағдай ...

Читать далее »

Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдады

Отандық бизнес өкілдерін жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан шығармауға шақырамын. Сіздер жұмыс орындарын сақтау арқылы қоғамға қамқорлықтарыңызды көрсетесіздер. Еліміздің кен өндірісі мен шикізат ресурстарын өңдеу және өнеркәсіп саласындағы ірі инвесторлар да Үкіметпен, әкімдіктермен бірлесе отырып, өздері жұмыс істеп жатқан өңірлердің тұрғындарына қолдау көрсетуге тиіс. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады,-деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі, Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.  Елбасы қазақастандықтарға жолдаған ...

Читать далее »

Тоқаевтың бір жылда атқарған жұмысы туралы 4 томдық кітап жарыққа шықты

«Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу». Дәл осындай атаумен Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір жыл ішінде президент ретінде атқарған жұмыстары 4 томдық кітап болып жарық көрді. БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингтерде еліміздің шет мемлекеттермен арасындағы байланыстарға, халықаралық және ішкі саяси мәселелерге қатысты айтқан ой-толғамдары енді. Сондай-ақ, кітаптың соңында 8 сұхбат пен 2 деректі фильмнің видеонұсқасы флеш-картаға жүктеліп, қоса беріліп отыр. Бұл туралы Xnews ақпарат агенттігі, президенттің баспасөз ...

Читать далее »

Отандық бизнесті қолдауға ел бюджетінен 1 триллион теңге бөлінетін болды

«Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді», — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін мемлекеттік бюджет есебінен 1 триллион теңге бөлінбек. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына жазды, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі. «Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, шағын және орта ...

Читать далее »

Ж.Бектаева: «Сіздерден сындарлы сәтте сабырлық пен шыдамдылық күтеміз!»

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясы мен оның таралуының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат жергілікті БАҚ-да, интернет-ресурстарда кеңінен жарияланып, таратылуда. Атап айтқанда, коронавирустың алдын алу мен оның таралуына жол бермеу мақсатында дайындалған арнайы түсіндірме ақпараттар Шымкент қаласы әкімдігінің Facebook, Instagram (Shymkent qalasynyn Akimdigi (Акимат города Шымкента), akimat_shymkentі) әлеуметтік желілерінде, Ішкі саясат және дін істері басқармасы (Ішкі саясат ...

Читать далее »

Цена на нефть упала до 29 долларов за баррель

Похоже, что завтра в связи с этим (в условиях свободного плавания) USDKZT будет штурмовать отметку в 440. Цена на нефть марки Brent упала ниже 30 USD за баррель, а доллар США к рублю вырос выше 75, передает zakon.kz. Похоже, что завтра в связи с этим (в условиях свободного плавания) USDKZT будет штурмовать отметку в 440, — пишет телеграм-канал @tengenomika Вместе с тем ...

Читать далее »

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 10-шы науқас тіркелді

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 10-ға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді,- деп хабарлайды Xnews. Вирусты 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген 1986 жылғы қыз жұқтырған. Бұған дейін коронавирус жұқтырған 9 адамның алтауы Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарында, екеуі — Нұр-Сұлтанда, тағы бір қазақстандық Германияда екені хабарланған. 1641 адам карантинге, ал 981 адам үй карантиніне жатқызылған.

Читать далее »

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен ер азаматтың үстінен іс қозғалды

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Шымкент қаласының тұрғыны Вьетнам елінде жұмыс істеп келген,-деп хабарлайдыXnews ақпараттық медиа-портал Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 10 наурыз күні карантиннен қашып кеткен жігіт Мәскеуден Алматы қаласына ұшып келген. Осы рейстегі жолаушылардың бірінде коронавирустың белгісі анықталыпты. Сол себепті басқа да жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді. ...

Читать далее »

Кәсіпкерлерге бюджеттен 300 миллиард теңге бөлінеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді,- деп хабарлайды Xnews. «Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздің халықаралық қоры 90 миллиард долларға жетті. Бұл экономикамыздың тұрақтылығын сақтаудың және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың маңызды кепілі. Біз бюджеттік шығынды жұмыспен қамту мен бизнесті қамтамасыз ету үшін барынша оң әсер ететін бағыттарға қайта бағдарлаймыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға ...

Читать далее »

Тоқаев төтенше жағдайға байланысты үндеу жолдады (видео)

Ел азаматтарын Covid-19 коронавирусынан қорғау үшін президент бір айға төтенше жағдай енгізді,-деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі. — Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүниежүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бүл індет күннен-күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 8-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше ...

Читать далее »

Самбодан үш дүркін әлем чемпионы Ақтөбе қаласының әкімі болды

Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Xnews. Ол 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі болып жұмыс істеген. Асхат Берлешевич Шахаров — 1978 жылы 3 қазанда дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорт пәндері кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2004-2013 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, Ақтөбе облысының ...

Читать далее »

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6-ға жетті

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6-ға жетті, — деп хабарлайды РИА Новости. Басылымның мәліметінше, Өзбекстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды. Осыған дейін Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жеткені хабарланған еді. Елдегі төртінші жағдай 15 наурыз сағат 05:15-те Ыстамбұлдан Ташкентке Uzbekistan Airways арқылы келген (HY274 рейсі) Өзбекстан азаматынан анықталған. Зертхана сараптамасы Ғылыми-зерттеу институтының вирусология бөлімінде өткен еді. Басылым мәліметінше, дәрігерлер мен мамандар емдеу ...

Читать далее »

В казахстанских обменниках доллар повысился до 450 тенге

По данным kurs.kz, в обменниках Алматы американскую валюту продают за 440 тенге. В Нур-Султане курс доллара в обменниках составил 450 тенге. Многие обменные пункты закрыли продажу валюты. Эксперты отмечают, что в условиях сложившейся неопределенности и рисков, связанных с распространением коронавируса COVID-19, последствий торговых войн, ростом геополитической напряженности, ожидается значительное и продолжительное замедление мировой экономики. Темп роста мирового ВВП в 2020 ...

Читать далее »

Қазақстанда үшінші адамнан короновирус анықталды

Науқаспен бірге бортта 90 жолаушы болған. Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған. Аталған азаматтар Алматы қаласындағы инфекциялық стационарда жатыр. Бұдан бұрын айтқанымыздай, елімізде коронавирус тіркелген жағдайда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия тиісті іс-шаралар жоспарын бекіткен еді. «Б» жоспары бүгін ...

Читать далее »

Пятница 13-е принесла Казахстану коронавирус и антирекорд для тенге

С 13 марта в стране также вступил в силу запрет на проведение массовых развлекательных, культурных и спортивных мероприятий, конференций и семинаров,- пишет портал Sputnik Kazakhstan. «Черной пятницей» называют казахстанцы 13 марта 2020 високосного года. В этот день появилось сразу две новости, которые станут проверкой общества на стрессоустойчивость. А именно: выявление первых случаев коронавируса в Казахстане и падение курса национальной валюты ...

Читать далее »

Біртанов: Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді (видео)

Олар – Германиядан Алматыға оралған Қазақстан азаматтары. Біреуі елге 9 наурыз күні, екіншісі кеше, 12 наурыз күні ұшып келген,-деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі. «Елімізде 3 айдан бері коронавирусқа қарсы көп шаралар іске асырылды. Өкінішке қарай, бүгін екі қазақстандық азаматтың коронавирусқа шалдыққаны анықталып отыр. Олар қазір карантинге жатқызылды. Жалпы, оларға барлық қажетті ем жасалып жатыр. Медицина қызметкерлері қажетті дайындықтан өткен. Коронавирусқа қатысты қосымша ...

Читать далее »

Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс — Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық экономика мен геосаяси ахуал күрделі кезеңге аяқ басуына орай Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. «Әлем жаһандық экономика мен геосаяси ахуалды қайта өзгертудің күрделі кезеңіне аяқ басты. Қазақстанның алдында мүлдем жаңа талаптар жағдайында экономиканың орнықты даму режимін сақтау міндеті тұр. Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс» делінген ...

Читать далее »

Қазақстанда Наурыз мерекесіне арналған шаралар мен әскери парад өтпейтін болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды. Дегенмен шағын ...

Читать далее »

Президент коронавирус пандемиясына байланысты кеңес өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейінгі әлемдегі ахуал жайында баяндады. Сондай-ақ, министр ДДСҰ-ның індетке қарсы күреске қатысты ұсыныстары, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Қазақстан Президенті Үкіметке ...

Читать далее »

16 наурыздан бастап мектеп оқушылар демалысқа шығады, ал студенттер онлайн-білім алуға көшеді (видео)

Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі. «2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», — деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ...

Читать далее »