Месячные архивы: Январь 2020

Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасына дайындық барысы пысықталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен ТМД елдерінің мәдени астанасы іс-шараларын өткізу және дайындық жұмыстары бойынша мәжіліс болып өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәдени астана мәртебесін жоғары деңгейде атап өту үшін қала әкімдігімен негізгі 6 бағытты қамтитын тапсырма- жоспар бекітіліп, бүгінде олармен тиісті жұмыстар басталып кетті. Мәдени астана жылы ТМД елдері мен ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін ...

Читать далее »

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен алғашқы аппарат мәжілісі өтті

Мәжілістің күн тәртібінде бірқатар мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар жүктеді деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Атап айтар болсақ, индикаторлар бойынша жұмыстарды күшейту және ТМД елдерінің мәдени астанасы жылын жоғары деңгейде өткізу. Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруды алға тартты. Сондай-ақ, шаһар басшысы әр сала жетекшілеріне жұмысты сапалы әрі уақтылы атқаруды тапсырды.

Читать далее »

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау ресми түрде басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты деп хабарлайды Xnews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. aqorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.  «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік ...

Читать далее »

Шымкент шаһарының жаңа басшысы туралы не белгілі

Жаңа тағайындауға байланысты «Инженерден — әкімге дейін. Шымкенттің жаңа басшысы туралы не белгілі» атты Tengrinews сайтында шыққан мақаланы сілтеме жасап ұсынамыз. Мұрат Әйтенов 1981 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауылында дүниеге келген. 2004 жылы армия генералы С. М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Одан бөлек Қарағанды экономика университеті мен М. ...

Читать далее »

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен және қалалық мәслихаттың келісімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды , деп хабарлайды Xnews Ақордаға сілтеме жасап. Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келді. 2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. ...

Читать далее »

Түркістанда УЕФА талаптарына сай стадион салынуда

Бүгінде Түркістанда УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай орталық стадионның құрылысы қызу басталуда,- деп хабарлайды Otyrar.kz. Облысымызда мәдени-спорттық іс-шаралар өтетін спорт нысанын «Самрұқ Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры салып, биыл мамыр айында аяқтауды жоспарлап отыр. Облысымызда дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі-футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадион құрылысы жүргізілуде. Мұнда 2 спорт залы, әлемдік аренаға жауап беретін ...

Читать далее »

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты үкім шықты

Кореяда сот 7 жасар баланы көлікпен қағып кеткен қазақстандық азаматқа үкім шығарды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Баланың ата-анасы сотталушыға кешірім жасаған жоқ. Олардың айтуынша, ем-домға 60 миллионнан астам вон жұмсаған, бұл шамамен 50 мың доллар. Сондай-ақ баласына күтім жасау үшін әкесі мен анасы жұмысын тастауға мәжбүр ...

Читать далее »

Жемқорлық фактісі туралы хабарлағандарға 1,5 млн теңге берілді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев айтты. «Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған белсенді азаматтық ұстанымы бар ел тұрғындарын ынталандыру қарастырылған. Айталық, 2019 жылы сотта қаралған қылмыстық істер бойынша 9 азаматқа 126 250 теңгеден 176 750 теңгеге дейін, жалпы 1,5 млн теңгеге жуық сыйақы берілді», – деді ол. Сонымен қатар агенттік ...

Читать далее »

Атырауда халал дүкеннен ет алған отбасы қонақтарымен бірге уланып қалды

Атыраулық отбасы «Халал» дүкеннен ет сатып алып, қонақ шақырған. Дастарханға қойылған асылған еттен ауыз тигеннің бәрі уланып, дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап. Зоя Сатқанғалиева мереке қарсаңында Халал дүкенінен 50 мың теңгеге 26 келі ет салып алған. Ет асып, одан ауыз тигеннің бәрі астан уланғандарын айтып, шағымданыпты. Зоя әжейдің сөзінше, келген қонақтың бәрінің іші ...

Читать далее »

Түркістан әкімі «6 Underground» фильміне наразы болып, АҚШ режиссеріне үндеу жариялады

Танымал режиссерге қазақтармен бірге түркімен халқы да ренжіп отыр. 2006 жылы шығып, Қазақстанды әлемге жаман мемлекет етіп көрсеткен «Борат» фильмін ұмыта бастағанымыз сол еді, қазақстандықтардың ашуын туғызатын тағы бір кино шықты, деп жазады  ZTB.kz мен Stan.kz. Netflix платформасында америкалық режиссер Майкл Бэйдің «6 Underground» (орысшаға «Шестеро вне закона» деп аударылған) фильмі пайда болыпты. Онда «Тургистан» деген ойдан шығарылған мемлекет көрсетіледі. Фильмнің ...

Читать далее »

Қызылорда облысында 256 келі тағам өнімі сатылымнан алынды

Қызылорда облысында талапқа сай емес 256 келі азық-түлік сауда сөрелерінен алынды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Тағам өнімдері арасында ең көп сәйкессіздік ет, сүт және кондитерлік өнімдердің үлесінде. Сараптамаға алынған 91 алкогольсіз энергетикалық сусындардың 7-еуі талапқа сай болмай шықты. Олардың таңбалануы дұрыс емес. Сондай-ақ құрамында кофеин мен құрғақ қоспалар нормадан көп болған. Тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу шеңберінде өткен жылы сауда ...

Читать далее »

Сенат депутаттары Шымкенттегі ұстаздармен кездесу өткізді

Сенат депутаттары Парламент қабылдаған заңдарды түсіндіру аясында аймақтарға сапарын жалғастыруда, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Шымкентке арнайы ат басын бұрған халық қалаулылары қаладағы ұстаздармен кездесу өткізді. Басқосу барысында Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауында айқындаған міндет-мақсаттар мен «Педагог мәртебесі туралы» заңның ерекшеліктері талқыланды. Ұстаз мәртебесін жоғарылатқан құжатта негізгі көтеріліп отырған мәселе – олар тек оқушыға білім мен тәрбие беру қажет. «Түрлі ...

Читать далее »

Токио Олимпиадасына қатысушылардың төсегі картоннан жасалады

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиаданың ұйымдастырушылары қатысушылардың төсегі қайта өңделген картоннан жасалатынын айтты. Токиодағы Олимпиада қалашығының менеджері Такэси Китадзиманың айтуы бойынша, картон төсектер 200 келі салмақты көтере алады және осы тұрғыдан алғанда олар ағаш төсектен де мықты. «Бірақ үстінде секіретін болсаңыз, ол да ағаш төсек сияқты қирап қалады», — дейді Такэси Китадзима. Олимпиада қалашығына жалпы 18 мың төсек ...

Читать далее »

Иран Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алып болғанын мәлімдеді

Иран Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алып болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Таяу Шығыс елі АҚШ тарапынын агрессия болмаса, онда олар ешқандай әскери шабуыл жасамайтынын айтты деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мажид Тахт-Раванчи ТАСС агенттігінің АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзіне Теһранның реакциясы туралы сұрағына жауап бере отырып мәлімдеген. «Біздің барлық әрекеттеріміз Касем Сулейманиге жасалған қастандыққа ...

Читать далее »

«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды. «Xnews.kz» оқырман назарына мақаланың толық мәтінін ұсынады. *** Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі ...

Читать далее »

Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі. «Қымбатты қазақстандықтар! Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады. Конфессияаралық келісім — мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа ...

Читать далее »

Биыл Рамазан айы қашан басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер кестесін бекітті деп абарлайды, Pyx.kz тілшісі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған кестеге сәйкес, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады. Ораза айт мерекесі 24 мамырға, ал Құрбан айт 31 шілде мен 2 тамыз аралығына түсіп отыр. Діни басқарманың мәліметінше, Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. ...

Читать далее »

Мысырда қайтыс болған дипломат Түркістан облысында жер қойнына берілді

Түркістан облысында дипломат Еламан Жолдасовтың жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Каир қаласында қаза тапқан Мысырда Қазақстан елшісі болып қызмет еткен дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Оны Түркістан облысында жерледі, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қайтыс болған адамның туысы Нәзипа Өсербаеваға сілтеме жасап. Әйелдің айтуынша, Еламанды 31 желтоқсанда Түркістан облысындағы өзінің туған жері Шарбұлақ ауылында жерлеген. ...

Читать далее »

Иран генералы қазасынан кейін мұнай қымбаттады

АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады, — деп хабарлайды Рух тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап. Багдадтағы әуежайдан шығып келе жатқан көлік коллонасына соққы жасалғанда ирандық генерал Касим Сулеймани қаза тапқан болатын. Сулеймани Иранның шетелдегі әскери операцияларын ұйымдастыруға жауапты Эль-Кудс әскери бөлімшесін басқарды. Сауда деректеріне қарағанда, Brent маркалы мұнайға наурыздық фьючерстің бағасы ...

Читать далее »

ШҚО-да көлікке баллон байлап, сырғанаған екі жігіт қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында баллонмен сырғанамақ болған үш жасөспірім жол апатына түсіп, салдарынан екеуі мерт болды деп хабарлайды pyx.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, жантүршіктірерлік жол апаты 2 қаңтарда Бесқарағай ауданында болған. Үш жасөсіпірім автокөлік баллонымен сырғанамақ болып, оны Nissan Terrano көлігіне байлаған. Олардың бірі рөлге отырып, қалған екеуі сырғанаған. Транспорттық құрал қозғалысты бастаған сәтте баллон қарсы бағытқа ...

Читать далее »