Месячные архивы: Январь 2020

Коронавирус жұқтыру жөнінен күдікке ілінген 41 адам тексеріліп жатыр

Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Еліміздегі оқшауланған блоктарда бас-аяғы 66 адам болған. Барлығынан қызу көтерілу және тұмау белгілері анықталды. Бірақ тыңғылықты тексеріс нәтижесінде оның 25-сі ауруханалардан шығарылған. Күдікке іліккен науқастардың сынамалары Алматыдағы қауіпті инфекциялар ғылыми орталығына жіберіледі. Ол жерде коронавирустың жаңа штаммын диагностикалауға арналған әдістеме бар. Үкіметтің қорынан қосымша 1 жарым миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы қауіпті ...

Читать далее »

Ресейде екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Көршілес орналасқан Ресейде қауіпті коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді. Өлім вирусын жұқтырғандар Забайкалье мен Тюмень облысынан анықталған, деп хабарлайды Xnews «Nur.kz» сайтына с3лтеме жасап. Екі адамның қауіпті вирус жұқтырғанын Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикова хабарлады. Мұндай ақпаратты Mash telegram арнасы жариялаған. Арнаның дерегінше, екеуі де Қытай азаматтары. Олар вирусты Қытайдан ала келулері мүмкін. Өйткені екеуі бірнеше күн бұрын аспан асты елінде болған. Науқастардың жағдай ...

Читать далее »

Спорткомплекс рухнул в Санкт-Петербурге (видео)

В Санкт-Петербурге при демонтаже спортивно-концертного комплекса (СКК) «Петербургский» рухнула крыша, передает Xnews со ссылкой на «РИА Новости«. Момент обрушения крыши СКК опубликовали сразу несколько российских Telegam-каналов. На кадрах, снятых с воздуха, запечатлен момент, как конструкция комплекса начинает рушиться. В это время на крыше спортивно-концертного комплекса находились рабочие. На видео также видно, как пытался спастись один из рабочих. О его состоянии сейчас ничего не ...

Читать далее »

Ел ішіне жалған ақпарат таратқандар жазасыз қалмайды

Жалған ақпарат таратқан адам жазасыз қалмайды. Өйткені әрбір ресми расталмаған ақпарат, елді дүрліктіріп, қоғамға кері әсер тигізуі мүмкін деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тұрғыны Айгүл Мұсақанова өткен жылы әлеуметтік желі арқылы «Күршімнің жері қытайға сатылды» деп жұртты шулатқан еді. Аз уақыт өтпей бұл әйел таратқан хабарламасының еш дәлелсіз екенін ұғынып,қайтадан желі ...

Читать далее »

Жемқорлық туралы хабарлама үшін 10,6 млн теңге сыйақы беріледі

Енді жаңа жүйе бойынша жемқорлық туралы хабарлаған азамат параның 10 процентін сыйақы ретінде алады. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы алик Шпекбаев айтты. Мұндай шешім таяуда Үкіметте қабылданған. Бұдан былай сыйақы мөлшері экономмикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның немесе келтірілген қаржылай шығынның 10 процентін ала алады. Сондай-ақ агенттік халық үніне ...

Читать далее »

Қызылорда облысындағы сақ дәуірінің қорымы құрылыс алаңдарының астында қалды

Жаңақорған ауданындағы «МАИ бекеті» деп аталған ықшам аудан маңында біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдыққа жататын 18 обаның бар екені осыдан 45 жыл бұрын ғарыштық түсірілімдер негізінде анықталған, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Археологиялық қазба барысында алтын бұйымдар табылған тарихи орынның өз деңгейінде қорғалмауына жергілікті жанашыр тұрғындар алаңдаушылық білдіріп отыр. Еліміздің бірнеше аймағынан «алтын адам» табылды. Жаңақорған кентінің ...

Читать далее »

Түркістан облысында балалар суицидінің алдын алуға 44 млн теңге қаржы бөлінген

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында жаңа жоба қолға алынды. Тұлғалық дамыту орталығының «Бестерек» жобасы аясында өңірдегі 1 мың 277 педагог-психолог кезең-кезеңімен қайта даярлаудан өтуде. Оған жергілікті бюджеттен 44 млн теңге қаржы бөлінген. Мамандар 25 мамырға дейін білімін жетілдіреді. Бұған дейін өңірдегі Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал және Түркістан аудан-қалаларында мектеп пен отбасына психологиялық көмек беру бойынша екі жоба қолға ...

Читать далее »

Қапшағайда жедел жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан

Қазір екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Xnews «ҚазАқпарат«-қа сілтеме жасап. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтар күні WhatsАpp желісі арқылы екі адамның коронавирус індетін жұқтырды деген күдікпен түскендігі жөнінде ақпарат тараған. Құзырлы орган ақпаратты тексергенде бұл хабарламаның жалған екені анықталған. «Жедел іздестіру барысында екі күдікті ұсталды. Олар Қапшағай қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуі де ...

Читать далее »

Ақтауда қандаланы улау кезінде алты жасар бала қайтыс болды

Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Осыдан бір жыл бұрын уытты заттан уланған үш сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, 6 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмған еді. Қалғанын дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберді. Қайғылы оқиғаға төменгі қабатта тұратын көрші әйелдің өз пәтеріне жәндіктерге қарсы дәрі себуі себеп болған. Ол базардан сатып алған «Квикфос» препаратын бөлмелерге шашып, сыртқа ...

Читать далее »

Шымкентте коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

Қытайдың Ухань қаласынан шыққан коронавирус дертінің алдын алу үшін Шымкенттегі әуежай толығымен бақылауға алынды деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Шаһар аумағына коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жауапты өзге де ұйымдармен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Іс-шара кезінде анықтау, тасымалдау, тексеру және ...

Читать далее »

Жамбыл облысында малға қасқыр шабуына байланысты арнайы топ құрылды

Жамбыл облысы Қызыләуіт ауылындағы малына қасқыр шапқан шаруаның шығыны өтелмеуі мүмкін, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, өтемақы тек түліктен жұқпалы індет анықталса немесе сақтандырылған жағдайда ғана берілетін көрінеді. Еске сала кетейік, кеше Талас ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде малға қасқыр шауып, 200 бастан астам қой мен ешкісін қырып кеткендігі жөнінде хабарлаған болатынбыз. Салдарынан шаруа қыруар шығынға ...

Читать далее »

Жамбыл облысында қасқырлар бір түнде қожалықтың 200-ден астам қой-ешкісін қырып кетті

Ағадал малынан айырылған шаруа түз тағысымен күресуге қауқар жоқ дейді. Өйткені жыртқышты атуға тыйым салынған, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасы. Оқиға Талас ауданының Қызыләуіт ауылы маңында болған. Малдың иелері таланған қойлардың жартысын сойып үлгеріп, арам қатқандарын өртеп жіберіпті. Келген шығын әлі есептеліп жатыр. Қазір төңіректегі ауыл тұрғындары шығынға батқан шаруаға «жылу» жинауды бастап кеткен. Бұдан бөлек, Павлодар облысының орталығынан ...

Читать далее »

Өзбекстанның Қазақстаннан басты үш артықшылығы

Бауырлас елдің артықшылығы туралы «Dalanews.kz» сайтында шыққан мақаланы сілтеме жасап оқырмандарымызға ұсынып отырмыз. 2020 жылдың алғашқы күндерінде Өзбекстанға жасаған сапарымыз өте жақсы әсер қалдырды. Тәшкенттен «Афросияб» жүрдек поезымен Самарқанға жол бүкіл мемлекеттің артықшылықтарын алдымызға жайып салды. Соңғы жиырма жылдай уақыт Қазақстан Өзбекстанмен бәселекестікте жүргендей сезілетін. Тіпті «Орта Азияның көшбасшысы» саналып, аймақтық лидер атануға ұмтылғаны есімізде. Үй салуға арзан жұмыс күші ...

Читать далее »

Екі жарым сағатқа созылған отырыс: Тоқаев үкіметте қандай мәлімдемелер жасады?

Қазақстан президенті төрағалық еткен үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысы екі жарым сағатқа созылды,-деп хабарлайды Xnews sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет үйінде осымен екінші рет министрлер мен әкімдердің басын қосып отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысы таңғы сағат 10:25-те басталып, түскі 13:07-де бір-ақ аяқталды. Екі жарым сағатқа созылған жиында президент үкіметтің жұмысын да сынады, маңызды мәлімдемелер де жасады. Солардың бірсыпырасын ...

Читать далее »

Шымкентте жәрдемақы талап еткен аналардың әрекеті қызу талқыға түсті (видео)

Көңілді уақыт өткізген аналардың жайылған мерекелік дастарханында алкогольді сусынның ыдысы да табылады. Желіде әлеуметтік жәрдемақы үшін жоспар құрған әйелдер тобын бейнелейтін ролик таралды, деп хабарлайды Xnews ақпараттық агенттігі Elitar.kz порталына сілтеме жасап. Онда жағдайларының нашар әрі баспанасыз, балаларын асыра алмай жүргендіктерін айтып әкімшіліктен ақша талап еткен аналардың қалай көңіл көтеретіндіктері, өзіндік жоспарлары бейнеленіпті. Аталған роликте берілген аудиожазбаларда көпбалалы аналардың бірі: ...

Читать далее »

«Сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Шымкентте сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің «Фосфорник» мәдениет үйі мен басқа да жылжымалы мүлік «қалдықтары» сатылымға қойылды деп хабарлайды Xnews.kz Қолда бар мәліметтерге қарағанда, барлық төрт жылжымайтын мүлік нысаны бір пакетпен сатуға шығарылған, олардың жалпы бастапқы бағасы – 1 миллиард 204 миллион 708 мың 423,00 теңге. Аукцион 2020 жылдың 6 ақпанына жоспарланған және бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Сонымен бірге саудаға шығарылған ...

Читать далее »

Түркістан қаласында 7 700 гектар аумаққа жасыл белдеу құрылады

Түркістан облысында 3 млн. 131 мың гектар орманды дала жер бар. Оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 2019 жылы 11 мың гектарға ұлғайып, 1 млн 615 мың гектарға жетті. Орман қоры жерлерінің шекараларын анықтау, мемлекеттік актілерді сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды xnews «Отырар» телеарнасының сайтына сілтеме жасап. 2019 жылы мемлекеттік орман қоры жерлеріне 13 600 га мәдени көшеттер мен сексеуілдің тұқымы ...

Читать далее »

Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді үш шақырымға сүйреп кеткен

Шымкентте мас күйде көлік жүргізген азамат полиция қызметкерін қағып, оны 3 шақырымға дейін көлігінің капотында тасыған деп хабарлайды Xnews.kz «Polisia.kz«-ке сілтеме жасап. Шымкент қаласының Тұрар Рысқұлов көшесінде «Mitsubishi Galant» пен «Audi-80» автокөліктері соқтығысты. Полиция қызметкері оқиға орнында «Mitsubishi Galant» автокөлігінің жүргізушісінен құжаттарын көрсетуін талап еткен. Алайда, ол талапты орындаудан бас тартып, оқиға орнынан ізін жасырмақ болған. Жүргізуші көліктің алдын бөгеп тұрған ...

Читать далее »

Қалада орналасқан халық тығыздығы бойынша Шымкент үшінші орында

Бұл туралы Шымкент қалалық статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер бойынша 2019 жылғы 1 желтоқсанға қаладағы тұрғын саны 1033,5 мың адамды құрады және 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 22,3 мың адамға (2,2%) өсті. 25,8 мың сәби туып, 2018 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 4,8%-ға өсті. Тұрмыс деңгейі бойынша, 2019 жылғы III тоқсанда қаладағы ...

Читать далее »

Шымкент қаласының әкімі құрылыс нысандарының сапасын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әкімшілік іскерлік орталығы мен «Шымкент Сити» шағынауданында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аралау барысында қала басшысы құрылыстың сапасы мен қасбетіне баса назар аударуды жеткізді. shymkent.gov.kz Сондай-ақ, әкім жаңа тұрғын үй секторлары толығымен инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтуды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қалада салынып жатқан құрылыс ...

Читать далее »